Зиялы қауым өкілдері қазақ еліне көңіл айтты
Абай облысындағы алапат өрттен қайтыс болған 14 адамның қазасы мұқым елдің қабырғасын қайыстырды. Зиялы қауым өкілдері қазақстандықтар мен опат болған азаматтардың туыстарына көңіл айтты.
Роза Мұқанова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер, жазушы, драматург:
«Орманды сақтаймыз, орманға жақын елдімекендердің халқын, солардың тұрмысын сақтаймыз» деп қаһармандықпен, ержүректікпен ажал құшты. Осы бауырларымызға, олардың отбасына, ата-анасы мен ағайын-туыстарына бірге қайғырып көңіл айтамын.
Әсия Беркенова, халық ақыны:
Тек қана бұл еліміздің 4 пайызын алып жатқан орманға келген зиян емес, әрбір отбасына, әрбір азаматқа келген қайғы. Қазақ елін бекем болуға шақырамын. Біз әрдайым жанымызбен, рухымызбен сондай қиындық кешкен жандармен біргеміз.
Серік Елікбай, жазушы, қоғам қайраткері:
«Мынау қарағайдай орманды сақтап қаламыз» деп қарағайдай азаматтардың жанып кеткендігі жан ауыртады. Жүректі күйзелтеді. Орнында бар оңалар, орнында жоқ не болар? Бірақ сабыр дейтұғын сары шекпендей дүние бар.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ 17 млрд долларлық ірі келісімдерге қол қойды
08.11.2025, 17:47
Алматыда «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық дәріхана» шарасы ұйымдастырылды
08.11.2025, 17:15
Шетелдік сарапшылар: АҚШ пен Орталық Азия қарым-қатынастың жаңа дәуірін бастады
08.11.2025, 17:15
Степногорск қаласының дәрігерлері отаны қарапайым палаталарда жасауға мәжбүр
08.11.2025, 17:12
Қазақстан - Дональд Трамптың екінші мерзімінде Ибраһим келісіміне қосылған алғашқы мемлекет
08.11.2025, 17:11
Павлодарда құрылыста 58 жастағы азамат қайтыс болды
08.11.2025, 17:10
АҚШ пен Орталық Азия арасында жаңа кезең басталды
08.11.2025, 17:10
Қазақы тазы аңшылық сынақтан өтті
08.11.2025, 17:07