Каштак, Полинки, Тепкаши және Талица ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді
Семейдегі орман өртінің аумағы 60 мың гектардан асты. Өрт ошағы маңында мына Бородулиха, Новобаженово және Барышевка ауылдары орналасқан. Олар Семей қаласынан 60-70 шақырым жерде орналасқан. Сонымен қатар облыс орталығынан 20-30 км жердегі Озерки ауылдық округінің Каштак, Полинки, Тепкаши және Талица елдімекендерінің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Ал жедел штаб Успенка ауылының маңында орналасты.
Қазір оны сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар және Қорғаныс министрлігінен 800-ге жуық адам, шамамен 200-дей техника жұмылдырылған. Өрт салдарынан 3 орманшы қайтыс болды. 11 қызметкерден хабар жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22