Ертең Астанада театрлар арасында байқау өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Астанада театрлар арасында байқау өтеді

05.11.2015
Ертең Астанада театрлар арасында байқау өтеді

6 қараша күні Астанада театрлар арасында байқау өтеді. Осыған орай Баянөлгей аймақтық музыкалық-драма театрының директоры Ертай Моңғолханұлы мен Баянөлгей аймақтық музыкалық–драма театр әншісі, актриса Елік Жанұзаққызы «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Біз негізі Атырауда өткен Рахымжан Отарбаев атындағы халықаралық театр фестиваліне келгенбіз. Бүгін кешке Қоянды ауылында концерт қоймақпыз. Біз алып келген қойылым жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Фариза мен Мұқағали» туындысы. Тәуекелге бел буып, ұлы тұлғалардың рөлін сомдауға ұжым болып кірістік. Өзіміздің көңілімізден шықты, халық та жылы қабылдады»,-дейді Ертай Моңғолханұлы.

«Фариза апамыздың рөлін сомдадым. Өзіндей бола алмасам да барымды салдым»,-дейді Елік Жанұзаққызы.

Студияда халық әні «Оралтайды» орындаған әнші Фариза ақынның дауысымен өлең де оқыды.

Хабарламаларға жазылу