Астана халықаралық форумы – диалог алаңы
«Қазақстан - Орталық Азияда экономикалық локомотив қызметін атқарып отыр». Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Еліміз бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Біз шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырамыз және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз, - деді Президент. Мемлекет басшысы қазір экономиканы әртараптандыруға деген ұмтылыс артып келе жатқандығын айтты. Әсіресе, автомобиль құрастыру, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау сияқты бірқатар салада өсім бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз іскерлік және экономикалық серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер іздегендердің бәрін шақырамыз. Мысалы, Қытайды Еуропалық Одақпен байланыстыратын орта дәліз немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты сауда мен инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл бағыт тауарды Үнді мұхиты арқылы тасымалдау мерзімін екі есе қысқартады. Сонымен қатар экономикалық дамуға және өңірішілік бірігуге ықпал ететін «Бір белдеу, бір жол» бастамасында Қазақстан басты рөл атқаратынын атап өткім келеді.
Президент: Климаттың өзгеруі - сын-қатерлердің ішіндегі ең қиыны
Президент Орталық Азия бетбе-бет келіп отырған проблемаларға тоқталды. Соның ең қиыны климаттың өзгеруі. Су ресурстарының жетіспеушілігі шын мәнінде алаңдатады. Аймақтағы қуаңшылық пен су тасқынынан келетін шығын жалпы ішкі өнімнің 1,3 пайызы деңгейінде деп бағаланып отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі 30 пайызға дейін кеміп, 2050 жылға дейін 5 млн-ға жуық ішкі климаттық мигранттың пайда болуына әкеп соқтырады, - деді Президент. Мұздықтардың көлемі де азайып барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз. Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06