Биыл көкпардан Қазақстан біріншілігі «Ұлы дода» атауымен жаңа форматта өтеді
Биыл көкпардан Қазақстан біріншілігі «Ұлы дода» атауымен жаңа форматта өтеді. Ел чемпионаты аясында бірнеше лига жасақталады. «Аламан дода» немесе жоғары лигада өткен жылғы ел чемпионатының қорытындысы бойынша 1-6 орындарды иеленген ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. «Дүбірлі дода» немесе бірінші лигада былтырғы чемпионаттың 7-20 орындарды иеленген 14 команда ойнайды. Жарыс 4 турдан тұрады. Қатысушы барлық командалар бір-біріне қарсы кездесу өткізіп, ұпай жинайды.
Жоғары және бірінші лиганың жеңімпаздары Республика күні қарсаңында өтетін «Ұлы дода» жарысында өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ «Керме дода» атауымен екінші лига ойынға шығады. Бұл жарысқа құжаты расталған ауылдық, аудандық немесе жекеменшік кез-келген команда қатыса алады. Лига жеңімпазы келесі маусымда бірінші лигада ойнау мүмкіндігіне ие болады. Ал бірінші лиганың үздік командасы «Аламан додаға» яғни, жоғары лигаға өтеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10