Астанада халықаралық волонтерлер форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық волонтерлер форумы өтеді

06.06.2023

Астанада 20-21 маусым күндері  Халықаралық волонтерлер форумы өтеді. «Тектегі ізгілікті оят!» ұранын арқау еткен шараның мақсаты – еріктілер қозғалысын дамыту және қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде паш ету. Форумға әлемнің 34 елінен 140 делегат келеді деп жоспарланған. Елімізден байқау арқылы іріктелген 80 волентер жиналмақ. Форум аясында Елордада Халықаралық волентерлер орталығы ашылады деп күтіліп отыр. Айта кетейік, Қазақстан еріктілер қозғалысы бойынша Орта Азияда көш бастап тұр. БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасы аясында 7 отандасымыз шетелдерде жұмыс істейді. Қазақстан - мұндай мүмкіндікке ие болып отырған әлемдегі 16 елдің бірі.

Данияр Қадыров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі: 

Жақын көршілеріміздің бәрі келеді. Орталық Азия, Мына Түрік елінен, Ресейден, Америкадан, Германиядан, Нидерландыдан қонақтар келеді деп отырмыз. Форумның қонағы ретінде БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты күтудеміз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу