Германияның Федералды президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның Федералды президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

18.06.2023

Ертең Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстан президентінің шақыртуымен үш күнге келе жатқан қонақ Елордадан бөлек, Маңғыстау облысына барады екен. Осылайша, ол батыс өңірге сапарлайтын алғашқы еуропалық президент болмақ. Ол жақта Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуы және Svevind компаниясының

жасыл сутегі өндіретін зауытының бұрғылау жұмыстарын бастау рәсімінде болады. Қазақ-герман бизнес форумы өтіп, екі ел президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық бағыттағы жаңа құжаттарға қол қоюы тиіс.

Әрі келесі апта Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтеді. Оған 34 шет елдің делегаттары қатысуы тиіс. Соңғы үш жылдың өзінде волонтерлік ұйымдар саны 3 есеге артып, белсенді волонтерлер қатары 4 есеге көбейген екен.

Қазақстандық 7 волонтер БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының құрамында жұмыс атқарып жүр. БҰҰ-ның 75-сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қозғалыстың маңызына тоқталған еді. Астанада өтетін форумның ұраны «Тектегі ізгілікті оят!» болады екен. Ал символы - ДНК фрагменті. Расымен, соғыс, табиғи апаттар сияқты түрлі қауіп көбейген кезде «бұл әлемді ізгілік құтқаратынына» сенгіміз келеді.


Хабарламаларға жазылу