Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы база істен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы база істен шықты

06.06.2023

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы база істен шықты. Бүкіл ел бойынша осындай келеңсіздік орнап, жұрт тиісті қызметті ала алмай жатыр. Астананың өзінде 300-ден аса адам осы мекеменің қызметіне жүгінген. Бірақ база істемегендіктен, кері қайтты. Мамандар арнайы бағдарламаның қашан іске қосылатынын нақты білмейді. Қызметкерлердің басым бөлігі жұмыс орындарында жоқ. Тұрғындар арнайы жүйенің кешеден бері істемей тұрғанын айтады. Мұндағылардың дені легализация бойынша, көлігін қайта тіркеуден өткізу үшін келген. Енді олардың қанша уақыт күтері белгісіз. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлікті тіркеу, қайта тіркеу, есептен шығару мен жүргізуші куәлігін алу сынды 10-нан аса қызмет түрі көрсетіледі.

Әлібек Бәйте, Астана қаласының тұрғыны:

Жаңағы легализация бойынша. База бірнеше, кеше түстен кейінгі уақыттан бастап істемей тұр. Бүгін азаннан келгенбіз, істемей тұр. Неге екенін өздері де білмейді. Өте қиын. Күннің ыстығында. Бүгін 37-40 градус болып тұр ма?! Қаншама адам мына жерде қиналып тұр. Үлкен әйел адамдар баламен жүр. Өте қиын, жүйеге келтірілмеген сияқты.

Мұрат Анарбек, Астана қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының Бас маманы:

Қазіргі таңда ҚР Ішкі істер министрілігінің Әкімшілік полиция комитетінің ИБД базасы жұмыс жасамайды. Сол себепті халық өзіне қажетті қызметті ала алмай отыр. Колл центріне хабарласса, қазір бізге базаның жасағандығы жөнінде ол кісілерге де хабарлайды.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу