Үкімет басшысы Алматыда жаңадан салынған тұрғын үйлердің сапасын қатаң бақылауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Алматыда жаңадан салынған тұрғын үйлердің сапасын қатаң бақылауды тапсырды

05.06.2023

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңадан салынған тұрғын үйлердің сапасына қатысты шағым көп түсетінін айтып, жауаптыларға құрылысты қатаң бақылауды тапсырды. Әсіресе, Алматы мен Астана жұрты бей-берекет бой көтерген баспананың көптігінен ауыз судан таршылық көріп отыр. Үйлердің қабырғасы мен құбырлар да жиі жарылады. Әлі іргетасы қаланбаған үйлерді заңсыз сатуға кірісіп кеткен компаниялар да аз емес. Бұл – соңғы уақытта ең көп сынға іліккен Алма сити-5 тұрғын үй кешені. Тұрғындар кез-келген уақытта құбырымыз да, қабырғамыз да жарыла кетеді дейді. Екі жыл бұрын берілген үйге кешқұрым ауызсу да жетпейді. Ал жертөле, керісінше, судан құрғамайды. Иә, өткен айда «Қазақстрой» компаниясының салған осы үйніде екі оқыс жағдай болды. Алдымен, үйдің шыны есігі баланың үстіне құлап кеткен еді, көп ұзамай аулада көлікпен жүйіткіп шыққан жүргізуші оқушыны қағып, балалар алаңын жайпап жіберді. Содан бері екі апта өтсе де, алаңқай әлі жарамсыз күйде. Ал тұрғындар ай сайын үйді күтіп ұстау үшін 3мың 334 теңгеден төлеп отыр.

Әйгерім Ердәулет, тілші:

Міне, дәл осындай сары ыстық сумен тұрғындар амалдың жоқтығынан екі жылдан бері жуынып-шәйініп келеміз дейді.

Алматыда жаңа салынған үйлердің кем-кетігінен бөлек, заңсыз бой көтеріп жатқан баспана да, коммерциялық нысан да көп. Әкімдік әзірге 20 кешеннің ешқандай рұқсат жоқ екенін айтып, тұрғындарға дәл осы тұрғын үйге ақша құймауға кеңес берді.

Әйгерім Ердәулет, тілші:

Мәселен, жарнамасы ғаламторда өріп жүрген «Төле би Резиденс» тұрғын үй кешенін «Адал сити строй» компаниясы дәл осы жерде, яғни, Алматының Қарасай мен Аносов көшесінің қиылысында саламыз деп салымшыларды сендіріп келген. Ал құрылыс басқармасы олардың ешқандай рұқсат қағазы жоқ деп отыр. Компания дәл осы жерде 231 пәтерді бизнес санатта биыл және келесі жылы тапсырамыз деп ашық жарнама жасап отыр.

Олжас Төлебаев, қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасымен, сондай заңсыз 77 нысан анықталған болатын. Сол 77 нысанның ішіндегі 39 нысан бойынша бүгінгі таңда сот талқылауы жүргізілуде. Аталған нысандарды бұзу жөнінде сот талқылауы жүргізілуде.

Қазір 27 нысанды сүру бойынша соттың шешімі бар. Ал 11 ғимараттың іргетасы қаланбай тұрып, қазандық қазу кезінде құрылыс жұмыстары тоқтатылған.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу