Алматыда полицей әріптесіне оқ атқан
Алматылық полицей өз әріптесін атып өлтірді. Оқыс оқиға бүгін болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше оқты 28 жастағы сержант атқан. Күдікті марқұм әріптесімен бірге тамақтануға арналған бөлмеде отырған. Оқ Макаров қызметтік қаруынан атылған. Куәгердің айтуынша полицейлер арасында жанжал болмаған, олар жай ғана сөйлескен көрінеді.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда оқ атқанын ол алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК 104 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Полицейлердің қатысуымен Алматыда тағы бір келеңсіз жағдай тіркелді. Әлеуметтік желіде құқық қорғау қызметкерінің есікті ашпақ болған шетел азаматына дөрекілік көрсеткен видеосы тарады. Тәртіп сақшысы күш қолданып, әйелді итеріп, құлатқан. Полиция департаменті аталған дерекке қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент құтқару саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
19.10.2026, 14:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
19.10.2026, 14:08
Ұлттық бірегейлікті сақтаудың мәні зор
19.10.2026, 13:17
«Qazaqstan» телеарнасында жаңа телехикая көрсетіледі
19.10.2026, 13:15
Ислам өркениеті және ғылым мәселелері талқыланды
19.10.2026, 13:13
Рухани келісім күніне орай жиын өтті
19.10.2026, 13:12
Канадада әскери база өртеніп, сарбаздар қаза тапты
19.10.2026, 13:10
Кенияда да эбола жұқтырғандар көбейіп келеді
19.10.2026, 13:09