Ертең - Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай еліміздің әр аймағында түрлі шаралар өтеді. Елордамыздың өзінде ертең 600-ден астам бағдарлама ұйымдастырылады. Дәл қазір бізбен Астана мен Алматыдағы әріптестерім тікелей байланыста. Алдымен елордадан бастайық.
Дарын Сағитов, тілші:
Әуелі бүгінгі іс-шараға тоқталай кетейін. «Тіл және рәміз - Тәуелсіздік жаршысы» деп аталатын акция аясында ұйымдастырушылар мен еріктілер ірі сауда орындары мен халық көп жиналатын орындарда тұрғындарға түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге естелік сыйлықтар табыстады. Мемлекеттік рәміздерге қатысты викторина ауқымды. Олар Әнұран, Елтаңба және Тудың авторларына, тарихы мен құрылымына қатысты болды.
Айгерім Молдабаева, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:
Бір қуантарлық жәйт – рәміздер туралы қойылған сұрақтарға қала тұрғындары дұрыс жауап беруде. Бұл әрине, халқымыздың патриоттық сезімінің жоғары деңгейін көрсетеді деп айтуға болады.
Негізгі 600-ден астам имидждік іс-шара ертең өтеді. Соның бірқатарына тоқтала кетейін. Таңертең «Қазақ елі» алаңында қолөнершілер жәрмеңке мен ұлттық сәндік киімдер үлгісін тамашалауға шақырады. Сағат 10-да «Бәйтерек» монументінің жанында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, шара «Әскери керней» музыкалық фестиваліне ұласады. Дәстүрлі автошеру де ұйымдастырылады. Сағат 11-ден кешкі 6-ға дейін қала әкімдігінің Youtube арнасында «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» бейнемарафоны өтеді. Ұлттық спорт сүйер қауым үшін «Қазанат» ипподромында республикалық бәйге сағат 12:00-де басталады. Кешкі сағат 5-те қалалықтар мен шаһар қонақтары әнші Нұржамал Үсенбаеваның өнерін тамашалай алады. Концерт Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді.
Қуан Нұрақын, тілші:
Алматыда рәсімдер күні ертең тойланады. Солардың негізгілеріне тоқтала айта кетейін. Салтанатты шараның алды таңертең «Медеу» мұз айдынының алаңында Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімінен басталады. Мегаполистің әр жерінде веложарыс ұйымдастырылады. Бұған кез келген азамат қатыса алады. Дегенмен халықтың рәміздер күніне құрметі жоғары. Пәкірлерін жазып алған едік. Тындайық.
Мерекелік шара Абай алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концертпен аяқталады. Сондай-ақ, кеш соңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония хорының жастар құрамы әнұранды орындайды. Бұдан бөлек, қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі көрмелер ұйымдастырылады. Жалпы шаралар Алматының барлық, яғни 8 ауданында өтеді.
Дарын Сағитов
Қуан Нұрақын