Таразда балалар төл мерекесін тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда балалар төл мерекесін тойлады

01.06.2023

Таразда  балалардың жарқын күлкісі, жайдары жүзінен-ақ бүгінгі мерекелік мәзір қыза түскенін байқауға болады. Қала саябақтарында сәбилердің сыңғырлаған күлкісін естіп, қойнына сыймаған қуанышын көріп өзіміз де бір сәтке бала болғымыз келді. Бүлдіршіндер балмұздақ жеп, батпырауық ұшыруды өз деңгейінде «әдемі орындап» жүр. Бірі сурет салудан сайысқа түссе, ән айтудан да шеберліктерін паш етіп, бар ынтасын салуда.

Раяна Болысбай:

Мен бүгінгі мерекеге қатты қуанып отырмын. Балаларға сәттілік тілеймін! Балалар бақытты болсын, өсіп-өсіп, қуаныштары көбейсін!

Айым Әлжан:

Балалар мерекесі құтты болсын! Ата-аналарымызға  рақмет айтайық. Осы мереке күн сайын болсын.

Жалпы Таразда биыл бала саны 140 мыңға жетіп отыр. Тәтті тілегі өрілген бүлдіршіндеріміздің балалық шағы бақытқа толсын. Мереке тағы да құтты болсын.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу