Алматылық студенттер Наурыз мерекесін тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық студенттер Наурыз мерекесін тойлады

16.04.2014
Алматылық студенттер Наурыз мерекесін тойлады
Алматыдағы Д.Қонаев атындағы университет ұжымы бүгін «Наурызнама» тойын атап өтті. 6 мыңға жуық заң маманын даярлап отырған ұжым алдымен ата-ғұрыпты қастерлеп, ұлттық рухты жас ұрпақ бойына сіңіруді мақсат еткен.
 
Оқу ордасының ауласына қазақы үй тігіліп, ақ дастархан ұлттық тағамдарға толды. Ән шырқалып, той көркі қызды. Студенттердің қатысуымен ұлттық ойындар ойналды. Әсем киінген қыз-жігіттер алтыбақан теуіп, салт-дәстүріміз дәріптелді. Ұлағатты ұстаздар мен тәлімді шәкірттер қауымы Ұлыстың ұлы күні елімізге тыныштық-береке әкелсін, деген ақ тілектерін жеткізді. 
 
Өмірәлі ҚопабаевД. Қонаев атындағы университет ректоры: 
Жастарға тәрбиелік мәні өте зор. Біз қазақтың бұрынғы салт- дәстүрімен өмір сүрсек, ештеңеден ұтылмаймыз. Дәстүрді бойына сіңіріп өскен ұрпақ жаман болмайды. Елімізге, халқымызға адал қызмет етеді деп ойлаймыз.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу