«Астана» радиосының 19 жылдығына орай мерекелік кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосының 19 жылдығына орай мерекелік кеш өтті

21.01.2018

1999 жылы 19-қаңтарда өз жұмысын бастаған «Астана» радиосы бүгінде елорданың басты радиосына айналып үлгерді. «Қазақ радиолары» ЖШС құрамына кіретін ақпарат құралы Астанада мерекелік кеш өткізіп, телерадио саласының мамандары мен танымал медиатұлғалардың басын қосты. Мұндағы мақсат- жасалған жұмысты бір қорытындылап, жаңа жобаларды көпшілікке таныстыру. 

«Qazaq» және «Shalqar» радиолары бүкіл елге тарайтын болса, «Астана» радиосы тек Астана қаласына тарайды. Бір ғана қалаға тарағанымен де, радио коммерциялық жағынан алда тұр. Екіншіден, «Астана» радиосының бағыты бұрынғыдай саяси, қоғамдық, әлеуметтік емес, жастардың және де елорданың жаңалықтарына бағытталған», - дейді «Қазақ радиолары» ЖШС директоры Мәди Манатбек. 

Жаңа форматта жаңа технологиялардың барлық түрін кең қолданысқа енгізген радионың ақпараттық саясаты да жүйелі жүргізіліп келеді. 101.4 FM жиілігінде орналасқан радионы еліміздің барлық өңірінен «astanafm.kz» сайтына кіріп онлайн тыңдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, сапалы ән жазатын жастарды қолдауда негізгі бағыттардың бірі болып қала бермек. 

Елорданың 20 жылдық мерекесі қарсаңында «Астана» радиосы қала тұрғындары мен қонақтарына көптеген тосынсый дайындауда. Қазір негізгі  дайындық жұмыстары да басталып кеткен.

Хабарламаларға жазылу