Таразда алтыншы жазғы Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 4 жылда бір рет болатын додаға еліміздің 17 облысы мен мегаполистерден келген спортшылар қатысады. Атлеттер спорттың 27 түрінен бақ сынайды.
Спартакиаданың мақсаты - жазғы спорт түрлерінен ұлттық құрамаға ең мықты спортшыларды тарту. Сонымен бірге, келесі жылы болатын Париж олимпиадасына дайындықты пысықтау. Екі мың спортшы қатысатын бәсеке 10 күнге жалғасады. Шараны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ашты. Жалпы, Таразда спорттың үш түрі бойынша сайыстар өтеді. Ал басқа спорттық бағдарламалар өзге өңірлерде де жалғасады. Спартакиада алауын жағу мәртебесі бокстан Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке бұйырды.
Асланбек Шымбергенов, бокстан әлем чемпионы:
Бұл Спартакиада 10 жыл бұрын тоқтап қалған. Қазір қайтадан жаңартылып жатыр. Бұл өте жақсы. Жас спортшыларға спортпен шұғылдануға үлкен мүмкіндік.
Асылбек Данияр