Ақтөбеде қарақшылықпен айналысқандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қарақшылықпен айналысқандар сотталды

30.05.2023

Ақтөбеде деструктивті діни ағымның 8 өкілі адамдарды бопсалап, дүние-мүліктерін тартып алғаны үшін сотталды. Олардың бұрын істі болып, жазаларын өтеп шыққаннан кейін қайтадан ауыр қылмысқа барғаны анықталып отыр.

Қарақшылар тобы жәбірленушілердің бірін пышақпен қорқытып, автокөлікке отырғызып алып кеткен. Әрі қарай жалға алынған көлік жөндеу орталығына әкеліп, 2 миллион теңге ақшасын алған. Одан бөлек, атына тауарлық несие рәсімдеткен. Сондай-ақ тағы бір ер адамды үйінен алып кетіп, одан да ақша бопсалаған. Онда қаражат жоқ екеніне көз жеткізген соң, жәбірленуішнің әкесіне тиесілі ВАЗ маркалы автокөлікті заңсыз иеленген. Сот үкімімен қылмыстық топ мүшелеріне 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу