Вьетнамда энергия үнемдеу үшін көшеде жарық өшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда энергия үнемдеу үшін көшеде жарық өшіріледі

30.05.2023

Вьетнам астанасы Ханойда электр қуатын үнемдеу мақсатында көшелердегі жарықтар өшіріліп жатыр. Елде аптап ыстық, жергілікті синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Бұл энергия жүйесіне үлкен салмақ болып тұр. Қазір Ханоймен бірге өзге қалаларда да қоғамдық жерлердегі электр шамдары азайтылып, су парктері мен фонтандарға келушілер көбейген. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу