Энергия үнемдеу тақырыбында байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергия үнемдеу тақырыбында байқау жарияланды

21.06.2018

Инвестициялар және даму министрлігі энергия үнемдеу тақырыбындағы екі бірдей байқау жариялады.  Оның бірі «энергия үнемдеу символы» тақырыбына арналса, екіншісі «Энергия үнемдеу балалардың көзімен» деп аталады. Бұл туралы бүгін аталған министрлікте өткен брифингте хабарланды.

Биыл әлемде 10-рет Халықаралық энергия үнемдеу күні аталып өтеді. Аталған конкурстар осыған орйластырылған. Энергия үнемдеу сиволын анықтайтын конкурс бірінші шілдеде басталады. Оған 7 жастан асқан барлық азаматтар қатыса алады. 

Жеңімпаздың жұмысы бірыңғай белгі ретінде таңдап алынады. Екінші конкурс балалар арасындағы байқау. Ол қыркүйекте басталады. Байқаулардың ортақ жүлде қоры 2,5 миллион теңге. 

Тимур Нұрашев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Комитет төрағасының орынбасары:

Екінші конкурс энергия үнемдеу балалардың көзімен деп аталады. Оған 17 жасқа дейінгі балалардың тақырыптық суреттері қабылданады. Конкурстар туралы толық ақпарат біздің министрліктің сайтында жарияланған. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу