Ливияда 23 адам өлім жазасына кесілді
Ливия соты 23 адамды өлім жазасына кесіп, 14-ін өмір-бақи түрмеге жапты. Өйткені бұл азаматтар 2015 жылы «Даиш» қарулы тобымен Сирт қаласын басып алып, ондаған мысырлық христианның басын кескен. Экстремисттік ұйым сол айуандық әрекеттерін видеоға түсіріп, оны үгіт-насихатқа пайдаланған. «Даиштың» Ливиядағы бөлімі шығыстағы Бенгази, Дерна сияқты қалаларды да жаулап алып, оларда қатаң тәртіп орнатып, адамдарды дөрекі тәсілдермен жазалаған. Бұған қоса, сотталушылар кезінде ел астанасы Триполидегі қонақ үйге шабуыл жасап, 9 адамды мерт қылды.
Фаузия Архума, жергілікті тұрғын:
Менің балам 22 жасында шейіт болды. Оның аты Равад Мұстафа әс-Сирети еді. Құдайға шүкір, бүгін сот үкіміне риза болдым, әділ шешім шығарды. Басымды қайта көтердім, мақтан тұтамын ұлымды. Ол ата-анасына қамқор еді, намаз оқитын.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06