Түркістан облысында жол апатында 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жол апатында 9 адам қаза тапты

17.07.2023

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты. Сондай-ақ ауыр жарақат алған 13 азамат аурухана жеткізілді. Тағы екі жолаушы дәрігерлік көмектен өздері бас тартқан. Жол апаты таңертең Екпінді ауылы мен Созақ ауданын жалғайтын облыстық маңыздағы күре жол бойында болды. Үш жеңіл көлік соғысқан. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.

Бағланбек Айтбаев, Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала анықталған себебі «Ниссан» көлігі қарсы бағытқа шығып, «Фольксваген» көлігімен соғысқан.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу