Непалда екі аяғы кесілген альпинист Эверест шыңына көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда екі аяғы кесілген альпинист Эверест шыңына көтерілді

24.05.2023

Непалда екі аяғы тізеден төмен кесілген соғыс ардагері Эверест шыңына көтерілді. Ол 8 мың метрден астам биіктікке протезбен шыққан. Арманы орындалғанда альпинист балаша қуанғанын жасырмады. Хари Магар екі аяғын Ауғанстанда соғыста жүргенде жоғалтқан. Тағы бір айта кететін жайт Магар Эвересті аяқсыз бағындырған әлемдегі алғашқы адам. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу