Қостанайда өзен жағасындағы қамыс жанып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда өзен жағасындағы қамыс жанып жатыр

24.05.2023

Қостанай қаласында өзен жағасындағы қамыс жанып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Өрт шыққаны жайлы төтенше жағдай қызметіне түс кезінде хабарланған. Дәл қазір оның неден тұтанғаны белгісіз. Бұл тұста өзенге төндіре салынған жер үйлер көп. Солардың шеткі он шақтысына қауіп төнгендіктен осында тұратын 35 адам дереу эвакуацияланды. Төтенше жағдай қызметінің жедел қимылының арқасында қазір тез қауіп сейіліп, тұрғындар баспаналарына қайтты. От барлығы 2 гектардан аса аумақты шарпыған. Жағдай толық бақылауда, алайда өрт әлі толық өшкен жоқ.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу