Қатар мен Қазақстан арасында ынтымақтастық арта түспек
Power International Holding-і Қатар мен Қазақстан арасында әріптестік байланысты орнатуда өзіндік көшбасшыға айналды. Бұл туралы Дохада өтіп жатқан Қатар экономикалық форумы кезінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Компания төрағасымен кездесуде медицина, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Айта кетейік, былтыр қазанында Қатар Әмірінің Қазақстанға ресми сапары аясында холдинг Астанада құны шамамен $300 млн болатын ірі халықаралық медициналық кешен құрылысы туралы меморандумға қол қойған болатын.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қатар – біздің еліміз үшін Араб әлеміндегі маңызды экономикалық серіктес. Осы жылдың бірінші тоқсанында өзара тауар айналымы 18 есеге өсті. Сонымен қатар Қазақстанға тартылған Қатар инвестициясының көлемі өткен жылы 3 есеге артты. Біз Дохамен іс-қимылды екі жақты және көп жақты форматтарда жоғары деңгейде одан әрі жалғастыруға ниеттеміз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07