Ақтөбеде республикалық сайқымазақтар байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде республикалық сайқымазақтар байқауы өтті

23.05.2023

Ақтөбеде республикалық сайқымазақтар байқауы өтті. Бұл ерекше шараны саңыраулар қоғамы ұйымдастырған.

Сайысқа еліміздің он төрт облысынан есту мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған театр ұжымдары келген. Яғни, клоунада жанрындағы бұл шараға есту қабілеті нашар немесе мүлде естімейтін жандар қатыса алады. Бұған дейінгі жылдары ән және би бойынша сайыстар өткен. Биыл актерлық шеберлікке мән беріліп отыр. Мақсат - мүгедектігі бар азаматтардың мәдени дамуына, өзге өнер ұжымдарымен араласуына жағдай жасау.

Жангелді Бекбатыров, Қазақстан саңыраулар қоғамы төрағасының орынбасары:

Бұның мақсаты – мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды бастарын қосып, тәжірибе алып бір бірінен, дарындарын дамыту. Және де бір біріне достасып, дос табу. Тіпті отау құрып жатқандары да баршылық.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу