Мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы мардымсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы мардымсыз

06.10.2014
Мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы мардымсыз

Алдағы 3 жылға арналған бюджетте көзделген қаражаттың 42 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Қазынаның 3 триллион теңгесі әлеуметтің әлеуетін арттыра түспек. Мәселен, 2016 жылдан бастап студенттердің стипендиясы 25 пайызға көтеріледі. Ал келер жылдың шілдесінен әлеуметтік төлемдер көбейеді. Бұл туралы бүгін 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасын талқылауға қатысты өткен отырыс барысында айтылды. Құжат туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндама жасады.

Алайда Мәжіліс депутаттары құлауға сәл қалған мектептерді жөндеуге жұмсалатын қаржының мардымсыз екендігін алға тартады. Қазір елімізде тозығы жеткен, әрі үш ауысымда оқитын 284 білім ошағы бар. Алдағы үш жылда мәселені шешуге 112 миллиард теңге қарастырылған. «Бұл тек 100-ден аса мектепті жөндеуге кетеді. Ал қалған білім ошақтарының мәселесі шешілмейді деген сөз»,-дейді депутаттар.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

        

 

Хабарламаларға жазылу