Араб Лигасының саммитіне Б.Асад шақырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Араб Лигасының саммитіне Б.Асад шақырылды

19.05.2023

Сирия президенті Башар Асад, араға 12 жыл салып, Араб лигасының саммитіне қатысуға келді. Демек араб әлемінде Сирияны оқшаулау кезеңі аяқталған сияқты. Бұл өзгеріске АҚШ пен Батыс елдері наразы. Олардың ойынша, Асад азаматтық соғыста жүздеген мың адамның өлуіне және миллиондаған тұрғынның босып кетуіне жауап беруі керек. Кейбір сарапшылардың ойынша, Асадтың лигаға оралуына Сауд Арабиясы ықпал етті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу