Қазақстан-Нидерланд қатынасы қарқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Нидерланд қатынасы қарқынды

03.02.2014
Қазақстан-Нидерланд қатынасы қарқынды

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне нидерландықтар шақырылды. Бұл жайында бүгін Ерлан Ыдырысов Нидерланд корольдігінің сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесуінде айтты. Қазақстан мен Нидерланд әріден әріптес. Ел экономикасына құйылған инвестиция көлемі бойынша Нидерланд көшбасшы елдердің бірі.
 
 2005-2013 жылдар аралығында бұл мемлекеттен Қазақстанға тартылған ивестиция 48 миллиард АҚШ долларын құраған. Осы және өзге де маңызды мәселелерді тілге тиек етіп, тараптар ел президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылы наурыз айында Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік саммитіне сапары талқыланды.
 
Франс Тиммерманс, Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі:
Алда келе жатқан ядролық қауіпсіздік саммиті әлемде бейбітшілікті сақтауға бағытталған. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан көшбасшы ел ретінде, бұл тұрғыда тәжірибесі мол. Менің пайымымша жойқын қару қолжетімсіз болу керек, адам өміріне қауіп келтіру турасында ешқандай да қорқыныш болмауы тиіс. Қазақстан бейбітшілікті насихаттауда игі бастамалардың ұйытқысы болып жүр. Біз үшін жаһандық қауіпсіздік тұрғысында Қазақстанның беделі мен маңызы орасан.
 
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу