Францияның экс-президентіне қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның экс-президентіне қатысты сот үкімі шықты

17.05.2023

Париж соты Францияның экс-президенті Николя Саркозиді үш жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол бұл мерзімнің екі жылын шартты түрде, қалған бір жылын электронды білезікпен үйқамақта өткізеді. 68 жастағы Саркози 2021-жылы сыбайлас жемқорлық және қызметтік мансабын асыра пайдалану ісі бойынша айыпты деп танылған еді. Бұл заңсыздықтарды Францияның құқық қорғау органдары көптеген жылдар бойы елдің бұрынғы президентінің телефонын тыңдау арқылы анықтаған. Саркози болса, өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр.     

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу