Қостанай облысында биыл 21 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында биыл 21 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылады

16.05.2023

Қостанай облысында биыл 21 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылады. Бұл мақсатқа қазынадан 18,4 млдр теңге бөлінген. Жалпы облыста жылу желісінің 60 пайызы тозған. Соның салдарынан қыста құбыр жиі жарылып, тұрғындар бірнеше мәрте жылусыз қалды. Рудный қаласында төтенше жағдай жарияланды. Әсіресе Арқалық қаласында жағдай күрделі. Мұнда 35 шақырымдық желінің 90 пайызы шіріп тұр. Биыл 7 млдр теңгеге соның 4 шақырымы жаңартылады. 2025-ші жылы шағын шаһардағы жылу желісі толық ауыстырылған болуы тиіс. Жөндеу жұмыстары алдағы бір апта ішінде басталады.

Нұрлан Алин, Арқалық жылу энергетикалық компаниясы директорының орынбасары:

Тендер өтті. Мердігер компания анықталды. Біздің оларға қояр шартымыз қыркүйекке дейін жөндеуді бітіруі керек. Себебі қыркүйек-қазанда желіні қысыммен тексереміз. Қазанда жылу беруді бастап кетуіміз керек.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу