Астанада 9 шақырым жылу желісі жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 9 шақырым жылу желісі жаңартылады

15.08.2023

Астанада жылу құбырларын жаңарту жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, елорда бойынша жылу желілерінің 55 пайыздан астамының тозығы жеткен. Қазір межеленген жұмыстың 60 пайыздан астамы атқарылды. Табиғи монополияларды реттеу комитеті қалалық департаментінің өкілдері бірқатар учакелерде болып, жұмыстың орындалу барысын көрді. Құбырларды ауыстыру жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетіп, апатты жағдайларды азайтуға бағытталған. Жылу шығыны да төмендейді.

Мағжан Қуанышбек, ҚР ҰЭМ ТМР комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

9 километрдей осы жылға жоспарланған. 16 бағдарлама бойынша. 2,9 млрд барлық инвестиция 0,6 пайыз тозуды төмендетуге әкеп соғады.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу