Түркияда сайлаудың нақты қорытындысы әлі жарияланған жоқ
Түркияда Президенттік және парламенттік сайлаудың нақты қорытындысы әлі жарияланған жоқ. Елдің Жоғарғы сайлау комитеті шетелде тұратын Түркия азаматтары берген дауыстарды санап жатыр. Қазірге дейін ел аумағында берілген дауыстардың 99 пайызы саналды. Санақ нәтижесінде қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған 49,4, ал оның негізгі қарсыласы, оппозициялық блоктың жетекшісі Кемал Кылыч Тароғлы 45, ал үшінші кандидат Синан Оған 0,5 пайыз дауыс жинаған. Кандидаттардың бірде-бірі 50 пайыздық межені бағындыра алмаса, онда сайлаудың екінші туры өтеді. Ол 28 мамырға жоспарланған.
Ахмет Йенер, Түркия жоғарғы сайлау комитетінің төрағасы:
Әзірге ел аумағындағы сайлау учаскелерінде 192 мың 214 дауыс беру жәшігінің 27-сі ашылған жоқ. Ал шетелден келген 9594 дауыс беру жәшігінің 1529-ы ашылмады. Осылайша қазірге дейін Түркия аумағында дауыстардың 99 пайызы ал шетелде берілген дауыстардың 84,6 пайызы саналды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07