Атырауда теңіз кен орны аумағындағы кешенде алапат өрт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда теңіз кен орны аумағындағы кешенде алапат өрт болды

02.03.2022

Теңіз мұнай кен орны аумағында алапат өрт болды. Қызыл жалын өндірістік қалдықтар сақталатын ашық кешенде тұтанды. Тілсіз жау 2800 шаршы метр жерді шарпыған. Салдырынан 1 жүк көтеретін машина және контейнерлер мен бөшкелерге жиналған түрлі қалдық күл боп жанып кетті. 3 сағаттан астам уақыт бойы лаулаған өртті сөндіруге 35 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында бір мәрте жарылыс та болған. Ол куәгерлер түсірген бейнежазбада анық байқалады.

Мердігер компанияның бірнеше қызметкері қауіпсіз жерге жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Ал, экологтар жоспардан тыс тексеріс өткізбек.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу