Коронавируспен күреске бөлінген 60 млрд теңге мақсатсыз жұмсалған
Коронавируспен күреске бөлінген ақшаның 60 млрд теңгесі мақсатсыз жұмсалған. Яғни, эпидемияға қарсы шараларға, шағын-орта бизнесті қолдауға, жұмыссыздықты тежеуге және әлеуметтік көмекке 680 млрд теңге берілген. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті соның 60 млрд теңгесінің жұмсалуынан заң бұзушылықтар анықтады. Кемшілік медициналық жабдықты сатып алу құны мен талабын сақтамау, үстемақы мен жәрдемақы төлеуде және құрылыс жұмыстарынан кеткен. Сол үшін 31 лауазымды тұлға әкімшілік, 481 адам тәртіптік жауапқа тартылды. Қылмыстық іс те қозғалды. Сонымен бірге есеп комитеті мен тексеру комиссиялары 2,1 трлн теңгеге, ал ішкі мемлекеттік аудит комитеті 1 трлн теңгеге әлі тексеріс жүргізеді.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаңтардағы ҰБТ-ға 184 мың талапкер қатысты
13.02.2026, 17:27
«Дос болайық!»: Буллингке қарсы сынып сағаттары өте бастады
13.02.2026, 17:24
Ресейде коммуналдық төлем екі есе қымбаттады
13.02.2026, 17:21
«Қазгидромет» суперкомпьютерді іске қосты
13.02.2026, 17:18
Алатауда қар көшу қаупі бар екені ескертілді
13.02.2026, 17:15
Он мыңнан астам азаматтың өтініші ескерілді
13.02.2026, 17:12
Ерікті болу – ерлік
13.02.2026, 17:09
Жалпыұлттық коалицияның аймақтарда штабтары ашылды
13.02.2026, 17:06