Түркістан облысында 8000 астам шетелдік көлік тіркеліп, қазақстандық нөмір алды
Түркістан облысында 8000 астам шетелдік көлік тіркеліп, қазақстандық нөмір алды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті өкілдері мәлімдеді. Өңірде шетелдік көліктерді заңдастыруға 14 мың 306 азамат өтініш білдірген. Оның 8 мың 165-нің көлігі тіркелсе, 1 мың 918 мүлік иесінің құжаттары дұрыс болмауына байланысты кері қайтарылған. Шетелден әкелінген көлікті тіркеу мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, құжатты онлайн тапсыруға мүмкіндік бар. Тіркеу үшін бастапқы төлем - 200 мың теңге. Ел бойынша биыл 200 мыңға жуық автокөлік алдын ала онлайн тексеруден өтіп, заңдастыруға өтініш мақұлданды. Оның ішінде 100 мыңнан астамы заңдастырылған.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10