Үздік роман: Авторға ай сайын 500$ сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік роман: Авторға ай сайын 500$ сыйақы беріледі

05.07.2022

Алматыда Қазақстан туралы үздік роман авторын анықтайтын әдеби сыйлықтың алғашқы жеңімпазы марапатталды. Қаламгер өмір бойына ай сайын 500 доллар сыйақы алып отырады. Алғашқы байқаудың жеңімпазы көпшіліктің дауыс беруі арқылы анықталды. Марапат жазушы-журналист Шархан Қазығұлға салтанатты түрде табысталды. Бұл әдеби сыйлық – тәуелсіз, кәсіпкерлер мен ұлт жанашырларының азаматтық жобасы. Биылғы байқауға авторлар 67 романын ұсынған. Ал дауыс беруге 21 шығарма ұсынылды. Бас жүлде «Күлпет» романы үшін жазушы, журналист Шархан Қазығұлға бұйырды.

Шархан Қазығұл, жазушы-журналист, «Үздік роман» авторы:

Әдеби конкурс Қазақстан жазушыларына жасалған үлкен қамқорлық деп ойлаймын. Менің жеңіске жеткенім үлкен мәселе емес. Жалпы жыл сайын өткізілетін болса, Қазақстанда роман жанрын дамытуға үлкен мүмкіндік туып тұр. Ай сайын жазушыға беріліп отырған айлық деп есептеймін. Сосын жазушы тек шығармашылық жұмыспен айналысады.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу