Жастар арасында электронды темекі тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар арасында электронды темекі тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен

10.05.2023

Жасөспірімдер арасында электронды темекі тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен. Бүгін Мәжілісте депутаттар осындай мәселе көтерді. Олардың айтуынша, дүкендер заңды белден басып темекілерді балаларға да еркін сатып жатыр. Сондықтан қыздырылатын шылым түрлеріне түбегейлі тыйым салуды ұсынды. Балалар электронды темекінің хош иісі мен әдемі дизайнына қарап татып көруге талпынады. Оның үстіне дүкендер бұл өнімдер тәттілер мен сағыздардың жанына қояды. Соның салдарынан 11 мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен. Ал ұлдардың 15, қыздардың 6 пайызы электронды темекіні бір рет болсын қолданып көрген. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуінің қорытындысы. Расында да, бұл темекілердің бағасы орташа есеппен 2000 теңгеден аспайды. Ал зияны қарапайым шылымнан бірнеше есе көп дейді мамандар.

Гүлсая Балабаева, жалпы практика дәрігері:

Электронды темекінің құрамында сұйықтық болады. Ол сұйықтық онкологиялық концарогендерге толы болады. Оны жас бала ауызға салып тыныс алған кезде ол миға тез барады, және өкпеге тез барады. Миға тез барып, ол миды зақымдайды. Ол жерде рак клеткаларын тудырып, жасөспірімдерде қазір рак өте белең алып жатыр.

Бірақ, бұл қауіпті өнімнің жарнамасына шектеу жоқ. Өйткені арнайы заңда тиісті тетіктер қарастырылмаған. Сондықтан, сауда орындарын тексеруге мүмкіндік жоқ.

Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте темекі өнімдері , оның ішінде электронды өнімдерді сөрелерге қоюға тыйым салу туралы норма болуына қарамастан сатушы кәсіпкерлер заң сақтамайды. Осыған байланысты депутаттық сауалда қойылған мәселелерді қарауға және елімізде вейбтер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу бойынша шаралдар қабылдауға ұсыныс беремін.

Қазіргі таңда әлемнің 32 елінде вейптерді сатуға тыйым салған. Олардың қатарында Дания, Норвегия, Канада, Сингапур, Малайзия сынды мемлекеттер бар. Ал Қазақстанда бұл мәселенің әзірге басы ашық.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу