Астаналықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

08.02.2016
Астаналықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан  жауынгерлерді еске алды

ҚР ҚК Жоғары Бас қолбасшысының 1992-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған учаскесінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша әскери тапсырмасын орындаған қазақстандық жеке қосынды атқыштар батальонының Тәжікстан Республикасынан шығарылғанына тура он бес жыл болды.

Шараға сарбаздар мен офицерлер, әскери іс-қимыл ардагерлері, сондай-ақ, қаза тапқан жауынгерлердің аналары қатысты. Жиналғандар қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Әскери қызметшілер, елорда тұрғындары, 15 жыл бұрын мен осы батальонды тәжік-ауған учаскесінен шығарған болатынмын. Шекара қызметі, әскери күштер, ішкі әскерлер сегіз жыл бойы әскери тапсырмалар орындады. Олар 18-19 жаста еді. 24 батальон өз тапсырмасын орындады. Біз ұлдарымыздан айырылдық, дегенмен, біз әрқашан да ерлік жасай алатынымызды мақтан етуіміз керек», – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі бас штабының басшысы Магмед Садыков.

Айта кетейік, тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштер еліміздің төрт қаласында орнатылды: Семейде, Павлодарда, Шымкентте және Атырауда.

Бұдан басқа, бүгін ҚР Ұлттық музейінде қазақстандық әскердің тәжік-ауған шекарасынан шығарылуының 15 жылдығы шеңберінде Қазақстан Республикасының ардагерлер және әскери-патриоттық бірлестіктердің Республикалық форумы өтеді.

Хабарламаларға жазылу