Ұлыбританияда Үшінші Чарльз Патшаға тәж кигізу рәсімі өтіп жатыр
Бүгін Ұлыбританияда Үшінші Чарльз Патшаға тәж кигізу рәсімі өтіп жатыр. Дүниежүзі бойынша миллиондаған адам көз тіккен салтанатты шараны Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова да бақылауда.
Марина Бекенова, тілші:
Ресми рәсімді көру үшін халық көше бойына жиналғанымен ол жерден орын табу оңай емес. Сондықтан Патша отбасының жанкүйерлері алдын-ала шатырлар тігіп, шеруді ашық аспан астында күтуге мәжбүр болған. Далада түнегендер қатарында біздің отандастарымыз да бар.
Әнел Ақмолдаева, Лондон тұрғыны:
Сағат сегізден бері осы жердеміз. Жаңбыр жауса деп өзімізбен бірге дождевик әкелдік. Орындығымыз артқа қарай түсіріледі. Түнде осы жерде ұйықтауға болады.
Салтанатты шеруде Чарльз Патша мен оның жұбайы отырған күймемен бірге әскери күштер ілесіп жүрді. Негізгі рәсім Вестминстер аббатығында 2 сағатқа жуық уақыт бойы өтті. Патша заңды және Англикан шіркеуін қорғауға ант берді. Оған Әулие Эдвардтың тәжі кигізіліп, бүкіл ел бойынша отшашулар атылды. Соңғы жетпіс жылда бірінші рет ұйымдастырылып отырған шараға екі мың қонақ шақырылды. Олардың қатарында мемлекет басшылары және жоғары лауазымды тұлғалар бар. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов та қатысты.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09