Достық үйлері әрбір этнос өкілі үшін әрдайым қолжетімді болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Достық үйлері әрбір этнос өкілі үшін әрдайым қолжетімді болуы керек

04.05.2023

Достық үйлері тек мерекелік іс-шара өткізетін ғимаратқа айналмай, әрбір этнос өкілі үшін әрдайым қолжетімді болуы керек. Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында өткен талқылау алаңында осындай пікір айтылды. Ал қазақ тілін кешенді дамытуға, бір ғана мемлекеттік бағдарлама жеткіліксіз. Сарапшылар өзге де ұлт-өкілдерінің қазақша сөйлеуге қызығушылығын арттыру үшін тағы ұлттық бағдарламалар қажет деп отыр. Сондай-ақ, жиында этно-саясаттың біртұтастығы, түркі халықтарының шығу тегі, жалпыхалықтық мәдениетті қалыптастырудағы БАҚ-тың маңызы талқыланды. Үкімет жыл соңына ұлттық даму процесіне талдау жасап, сараптамалық баяндама әзірлеуі қажет.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Бұл сараптамалық баяндаманы барлық мүдделі органдар бірлесіп отырып, министрліктегі қолданбалы этнос зерттеулер институты әзірлейді. Сіздерді бұл маңызды құжатты дайындауға белсенді қатысуға шақырамын.

Илхам Ибрагим, «QAZAQSTAN» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрайымының орынбасары:

Қазақ радиосында біздің, бірнеше тілде шығатын хабар бар. Күн сайын. Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты - сол ұлттың өз тілінде шығуына қарамастан, мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы және ол тілді меңгеру арқылы қандай да бір жетістікке жеткен азаматтар туралы күнделікті айтып отырамыз. Бұл тыңдарманға да, жастарға да үлкен мотивация.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу