Халықтар достығы – ел бірлігінің кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтар достығы – ел бірлігінің кепілі

20.03.2019

Қазақстан халықтарының достығы – біздің елдің баға жетпес байлығы. Бүгінде еліміздің әр облысында татулықтың бесігіне айналған, әрбір ұлтқа өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін жаңғыртуға мол мүмкіндік беретін Достық үйлері бар. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың  орталығы болып саналатын осындай ең алғашқы мекеме Елбасының бастамасымен 27 жыл бұрын Шығыс Қазақстанда ашылған. Осы өңірдегі көпұлтты халықтың пікірінше, Нұрсұлтан Назабаев еліміздегі татулық туын ешқашан төмен түсірген емес. 

Мариф Фараджев, Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілі: 

- Біз ата-бабаларымыз кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған. Сол аумалы-төкпелі заманда аталарым Әзірбайжанда жерінен айырылды. Кең пейіл қазақ халқының арқасында осы жерге тұрақтап, тамырымызды тереңге жайдық.

Б.Көшербай

Хабарламаларға жазылу