Ел футболын дамыту мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел футболын дамыту мәселесі талқыланды

03.05.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиноны қабылдады. ФИФА Қазақстанмен үздік халықаралық тәжірибесін бөлісіп, еліміздегі футболдың дамуына атсалысуға дайын екенін жеткізді. Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жайы да талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда бір миллионнан астам адам футболмен тұрақты түрде шұғылданады. Бүгінде елімізде 17 футбол орталығы және 2 академия жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала жаттығып жүр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әлемде ең танымал спорт саналатын футболды дамыту ісінде ауқымды іс атқарып жатқаныңызды білемін. Сіздің еңбегіңізді құрметтейміз және қолдаймыз. Біз ФИФА-мен және жеке өзіңізбен ынтымақтастықты нығайта түсуге дайынбыз.

Джанни Инфантино, Халықаралық футбол федерациясының президенті: Қазақстан тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейдегі өте маңызды елге айналды. Қазақстан – ФИФА үшін сенімді серіктес. Біз бірге жұмыс істеуіміз қажет. Себебі осы елдегі, сондай-ақ басқа елдердегі қоғамды футбол арқылы біріктіру үшін мүмкіндік мол.

Джанни Инфантино, Халықаралық Футбол Федерациясының Президенті

Қазақстан тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейдегі өте маңызды елге айналды. Қазақстан – ФИФА үшін сенімді серіктес. Біз бірге жұмыс істеуіміз қажет. Себебі осы елдегі, сондай-ақ басқа елдердегі қоғамды футбол арқылы біріктіру үшін мүмкіндік мол.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу