Алматыда балалар және жасөспірімдер футболының мәселелері бойынша конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балалар және жасөспірімдер футболының мәселелері бойынша конференция өтеді

19.01.2016
Алматыда балалар және жасөспірімдер футболының мәселелері бойынша конференция өтеді

Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер футболының дамуына арналған конференция өтеді.  

Конференцияға Қазақстан футбол федерациясының өкілдері, Премьер-Лига мен Бірінші Лига клубтарының басшылары, жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшілері, футбол орталықтарының жаттықтырушылары, «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер лигасының қатысушылары, сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен жеке футбол мектебінің өкілдері қатысады.

Жиында балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері, Қазақстандағы нөмірі бірінші спортты дамыту жолдары қарастырылады. Кездесудің қорытындысы бойынша негізгі сұрақтардың барлығы Қазақстан Республикасында  2016-2026 жылғы дейінгі футболды дамытуға арналған бағдарламаға енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу