Астанада дуалды білім беруді дамыту мәселесі талқыланды
Өндіріс пен білімді ұштастыру. Әлем жұрты оқытудың осы бір тәсіліне дуалды білім беру деп ат қойған. Бұл жаңашылдыққа Қазақ елі де қызығушылық танытып отыр.
Елбасы дуалды білім берудің ұлттық өзегін құруды және 2014 жылдың 1 маусымына дейін нақты ұсыныстар дайындауды тапсырғаны бар.
Дәл қазір білім мен өндіріс саласына қатысы бар барлық министрлік осы тақырыпты жан-жақты талқылау үстінде. Осы мақсатта түрлі басқосулар өтуде. Сондай іс-шараның бірі бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.
Шараға жиналғандар «Кәсіби квалификациялар туралы» Заңды қабылдауды тездетіп, техникалық және кәсіби білім беретін мекемелердің базасын жаңарту қажеттігін айтып отыр.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары:
Кәсіби техникалық білім берудің мәселесін оңтайлы шешу бізге екі бірдей нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ең алдымен, қарапайым ауыл жастарының қысқа мерзімде нақты мамандыққа ие болып, нық қадам басуына, олардың өмір сапасының артуына жағдай тудырса, екінші жағынан күн санап өсіп келе жатқан ел экономикасын білікті техникалық мамандармен қамтамасыз ете аламыз.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
18.05.2026, 13:18
Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек
18.05.2026, 13:15
Атыраудағы атышулы іске қатысты сот басталды
18.05.2026, 13:12
Жетісу облысында шегіртке ошақтары анықталды
18.05.2026, 13:09
Эболаның өршуіне байланысты ДДСҰ халықаралық төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 13:06
Аллергияға қарсы отандық вакцина сыналуда
18.05.2026, 13:03
Халықтың 84%-дан астамы ел дамуының бағытын қолдайды
18.05.2026, 13:00
Бүгін – Халықаралық музей күні
18.05.2026, 10:33