АҚШ-та ақша тапшылығы туды
АҚШ-та ақша тапшылығы туды. Қаржы министрі маусымда елде дефолт жариялануы мүмкін екенін мәлімдеді. Бірақ Ақ үй басшысы Джо Байден Конгресстің өкілдер палатасының спикері Кевин Маккартиге бұған жол бермеуге шақырды.
Қазір Құрама Штаттардың мемлекеттік қарызы 31 жарым триллион долларға жақындап қалған. Ал, федералдық төлемдерді толық жүзеге асыру үшін бұл қаражат жеткіліксіз. Сондықтан, аталған палата қарыз деңгейін тағы 1 жарым триллионға көтеру туралы заңды мақұлдады. Егер бұл құжат Сенаттан өтпей қалатын болса, АҚШ-та есеп айрысатын қор таусылуы ықтимал. Мұндай жағдайда Америка өзінің 250-жылдық тарихында алғаш рет қаржылық міндеттемелерін орындауға қауқарсыз елге айналмақ.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58