Серік Күдебаев 10 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Күдебаев 10 жылға сотталды

28.04.2023

Алматы облыстық Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа бүгін Талдықорғанда үкім шықты. Полиция генерал- майорына сот 10 жыл мерзім темір торға қамауға жаза кесті. Сот отырысында Күдебаев соңғы сөзінде өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде департамент басшысы қызмет орнын тастап кетіп, облыстық және қалалық полиция ғимараттарын қиратуға, ондағы қару-жарақтың тоналуына жол берген деп айыпталды.  

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу