ІІД-нің экс-басшысы С.Күдебаевқа үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІД-нің экс-басшысы С.Күдебаевқа үкім шықты

28.04.2023

Алматы облыстық ІІД-нің экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотында генерал-майорға үкім шықты. Сот отырысы барысында Күдебаев соңғы сөзінде де өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде департамент басшысы қызмет орнын тастап кетіп, облыстық және қалалық полиция ғимараттарының қиратылып, ондағы қару-жарақтың тоналуына жол берген болатын. Оған «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» және қызметтік бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Сонымен қатар сотталушы 10 жылға дейін құқыққорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және өзін өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан айрылды.

Үмбетай Абдилла, Жетісу облыстық сотының судьясы:

Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орта деңгейлі мекемеде жазасын өтеу тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президентіне Күдебаевтан полиция генерал-майоры шені мен ІІ-ші дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасын алу туралы ұсыныс жіберілсін.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу