Түркістанда қазақ тілін еркін меңгерген якут қызы мен қобызға ғашық венгер қызы білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда қазақ тілін еркін меңгерген якут қызы мен қобызға ғашық венгер қызы білім алады

26.04.2023

Түркістан қаласында қазақ тілінде еркін сөйлейтін якут қызы білім алады. Изабелла Озер Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты. Қазақстанға 8 жыл бұрын білім алуға келген бойжеткен қазақ тілін ерекше құрметтейтінін айтады. Аталған оқу орнында сондай-ақ, қазақтың қобыз бен домбыра тартатын венгр қызы Богларка Фехер де оқиды. Мажарстан елінен келген ару тіпті қобызға арнап күй шығарған.

Изабелла Озер – Саха республикасының астанасы Якутия қаласының тумасы. Қазақстанға 17 жасында Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін келіпті. Түркістанға алғаш келгенде тіл білмей біраз қиналғанын айтады. Ал қазір қазақ тілінде еркін сөйлеп, тіпті қазақша ойланатын болдым дейді. Осында жоғары білім алған соң өз еліне оралған Изабелла Якутияда ұзақ тұра алмай, Түркістанға қайта келген.

Изабелла Озер Якут ұлтының өкілі:

Маған Қазақстан ұнап қалды. Түркістанға үйреніп қалдым. Мен бірақ Саха респуликасын сағынбаймын, өзімнің отбасымды сағынамын.
Бүгінде Изабелла аталған университетте түркітану мамандығы бойынша магистратурада білім алып жүр. Төрт тілді қатар үйреніп келеді. Якут қызы сабақ кезінде де, күнделікті өмірде де қазақ тілін жиі қолданатынын айтады. Тіпті, ғылыми жұмыстарды да мемлекеттік тілде жазып, конференцияларда да қазақша баяндама жасайды.

Қазақтың қобыз аспабына ғашық венгер қызы Түркістан қаласында жоғары білім алып жүр. 21 жасар Богларка Фехердің қазақ тілі мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі өз елінде жүрген кезде-ақ арта бастаған. Ол тіпті дәстүрлі музыканы меңгеру үшін қазақ тілі мен мәдениетін тануды қолға алғанын айтады. Басында виолончель істеттес қобыз жасатып, сол арқылы қазақ музыка өнерін үйрендім дейді.

Богларка Фехер, венгер ұлтының өкілі:

Қобызға деген қызығушылық 2014 жылы Венгрияға «Тұран» ансамблі келді. Олардың концертінде жүрегім елжіреп кетті. Содан бастап қазақ мәдениетіне ғашықпын. Яғни сол вилоенчель негізінде қобыз үйрене бастадым. Содан кейін Мақсат Медеубектен, «Тұран» ансамблі қобызшысынан онлайн түрде сабақ алдым. Және алып жүрмін.
Бүгінде қобыздың құлағында ойнайтын мажарстандық ару қазір аталған университетте дәстүрлі музыка мамандығында білім алып жатыр. Ол сондай- ақ, қобызбен қатар, домбыра аспабын да қатар үйренуде. Бірнеше аспаптарда ойнаумен қатар ән шығару өнеріне ие Богларка тіпті қобызға арнап «дала сыры» атты күй жазып шыққан. Өнерлі арудың одан бөлек мажар тілінде бірнеше жеке туындысы бар. Ал қазақ ұлттық аспаптарында 8 күйді еркін ойнай алады. Алты тілде еркін сөйлей алатын полиглот қыз қазақ өнері мен тіліне деген құрметім ерекше дейді.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу