ҚХА XXXII сессиясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА XXXII сессиясы өтіп жатыр

26.04.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз екінші сессиясына қатысады. Сессия отырысы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбымен бүгін басталды. Оған мыңнан астам адам қатысып жатыр. Екі күнге жалғасатын сессия барысында түрлі пікірталастар өтіп, бірлікті нығайтуға қатысты мәселелер көтеріліп, ұсыныстар жасалмақ.

Сондақ-ақ былтыр Президент жарлығымен ассамблеяны дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген. Соны іске асыру жайы да талқыланбақ. Этносаралық кикілжіңдерге жол бермеу мен сепаратизмнің алдын алу жайы да сөз болмақ. Мамандар ол үшін этномедиаторларды дайындау бойынша жүйелі жұмыстар жүріп жатыр дейді.

Марат Өтегенов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

Біз ортақ ұлттық құндылықтарды қалыптастыру керекпіз. Біздің ішімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлттық өкілдерімен жұмыс істеу керекпіз түсіндіру керекпіз. Яғни, бақыттың, бейбітшіліктің қандай нәзік екенін түсіндіру керекпіз. Оны бізге әлем көрсетіп отыр. Жан-жағымыздағы кикілжің көрсетіп отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу