Еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,5%-ке артуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,5%-ке артуы мүмкін

25.04.2023

Бүгін Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасының дамуына қатысты болжамын жариялады. Оған сай биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,5, ал келер жылы 4%-ке артуы мүмкін. Бірақ инфляция биыл жоғары яғни 9-11 процент шамасында болады. Оның жоғары болуына азық-түлік қымбатшылығы әсер етеді. Ал 2024-те инфляция баяулап, 4-6 пайыздық дәлізге оралады деген болжам жасалып отыр. Сондай-ақ инвестиция көлемі артып, жұмыс орындары мен халық табысы артатыны да жазылған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу