Келер жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 4 пайызға өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 4 пайызға өсуі мүмкін

27.12.2021

Ал келер жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 4 пайызға өсуі мүмкін. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы осындай болжам жасап отыр. Ал биыл бұл көрсеткіш 3,8 процент болмақ. Сарапшылардың айтуынша алдағы жылы экономикалық өсімнің қалпына келуі жылдамдай түседі. Сөйтіп өсім 4 процентке жетіп, 86 триллион теңгеге жетпек. Десе де мұндай болжам мұнай баррелі 66 доллар шамасында болады деген есеппен жасалып отыр. Айта кетейік, былтыр ел экономикасы 2,6 пайызға төмендеп, инфляция 7,5 процентке дейін шарықтаған еді.


Хабарламаларға жазылу